Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Алуа Жолдыбалина, https://www.facebook.com/ISS.Kazakhstan/posts/3737049443037615

Аталған заң жобасында аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдың әкімдерін тікелей сайлау, саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету және сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсымын» деген графа енгізу сияқты өзгерістер қарастырылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының бірінші отырысында бірқатар жаңа саяси бастама көтерді. Оның ішінде Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендету. Сайлаудағы төменгі шек – бұл Парламенттегі орындарды бөлуге қатысу үшін саяси партия жинауға тиісті сайлаушылар жалпы санының ең аз дауыс пайызы. Сайлаудағы шектік мөлшер – парламенттік құрылымға, саяси тұрақтылыққа және жалпы саяси партиялар арасындағы бәсекелестікке маңызды әсер етеді. Партиялық жүйенің тұрақтануына, жаңа саяси партиялардың пайда болуына, сайлау аралық бәсекеге ықпал етеді.

Басылымдар