Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Санат Көшкімбаев,  https://www.inform.kz/kz/sanat-koshkimbaev-elbasynyn-zhauapkershilik-zhayyndagy-sozine-oray-nakty-eskertpe_a3683152?fbclid=IwAR130ZvtKo1u7bEUjimvDCRChxetqS8SYO3HDwDryoQNQkype1YsF9ouotg

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев Елбасының эпидемиологиялық ұсыныстарды сақтауға шақырған сөзіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл өте нақты ескертпе болды. Мұны өзге елдердегі коронавирус індетіне байланысты тәжірибе көрсетіп отыр. Шектеу шараларының барлығы бірдей індеттің таралуына тосқауыл бола алмайды. Ең алдымен азаматтардың түйсігі болуы тиіс және бүкіл әлемдегі ұсыныстарды қатаң орындау қажет», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Осы ретте ол маска тағу, әлеуметтік арақашықтық ұстану, антисептиктерді пайдалану, қолды жиі жуу сияқты сақтық шараларын әрбір адам ұстануы тиістігін атап өтті. «Шындығына келгенде, мұның барлығы ең алдымен адамның өзіне байланысты жайт. Мәселен, адам саны өте көп Қытайдың өзінде ауруға шалдыққандар санының қанша пайыз болғанын және салдары қандай екендігін көріп отырмыз. Оңтүстік Корея, Вьетнам елдерінің де тұрғындары ұстанымдық танытудың жоғары деңгейін көрсетуде. Бұл өте маңызды», - деді институт директорының орынбасары. Сонымен қатар ол шектеу шараларын қатаң ұстану бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы бірегей дәрілік зат болып отырғандығын баса айтты. «Айталық, Швеция бастапқы кезеңнің өзінде-ақ карантин шараларын мүлдем қолданған емес. Бірақ, бұл елде адамдар барлық қажетті сақтық шараларын өздері-ақ ұстанды», - деді С. Көшкімбаев.

Басылымдар