Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Мәдина Бектенова,  http://kisi.kz/images/izdanie/KJD-4-2020.pdf

Мәдениеттің ұлттық-мәдени дәстүрді сақтау мен транцендеттеу құқығы бүгінде әсіресе өзекті, себебі қазіргі мәдени болмыстың шынайылығында оның дамуын тек мәдени жаһандану үдерісімен байланыстырудың қажеттілігі ғана емес, оған деген қамқорлық философиясын, яғни Мартин Хайдеггер өз еңбектерінде көрсетіп өткен «онтологиялық қамқорлықты» қалыптастыру қажеттілігі де туындайды.   

Бірегейлік мәселесі бүгінде өркениеттік кеңістікте жаңа философиялық ойлау немесе жаңарған ой мәдениетінің дискурсы болып табылады. Мәдениет – адам болмысының басты формасы, әр ұлттық мәдениеттің өзінің даму жолдары мен ыңғайларында өзіне ғана тиесілі бірегейлігі бар. 

Ұлттық мәдениеттің бірегейлігін жалпыға ортақ қағидалар мен әдістемелік нұсқаулықтар арқылы түсіну қиын, сондықтан да қазіргі гуманитарлық ғылымда ұлттық мәдениеттердің дамуы мен тұтастығын түсіндіретін релевантты әдістер жоқтың қасы. Мәдениеттанулық тұжырымдамаларға айналған көптеген қалыптасқан көзқарастар, мысалы, Ю.Лотманның, Э.Кассирердің, Стюарт Холлдың, Л.Уайттың, Ф.Боастың, М.Херсковицтің [1] және басқалардың, мәдениетті адамның мәдени формаларда рухани және әлеуметтік қалыптасуының тарихы ретінде түсіндіріп келген.    

Ұлттық мәдениеттердің тағдыры тарихи және жаһанды үдерістің иректеріндегі әсіресе күрделі әрі дүдәмал болып көрінеді, сол себепті бүгінде ұлттық мәдениет мазмұның статикалық болмыс ретінде емес, қазіргі ұлттық мәдениет тағдыры үлгіленіп жатқан тарихи үдеріс ретінде қайта зерделеу қажет болып тұр.      

 

Басылымдар