Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Әсел Әбен, https://www.inform.kz/kz/kazir-ekonomikany-covid-19-dagdarysyna-deyingi-kalpyna-keltiru-mindeti-tur-asel-abenova_a3745608?fbclid=IwAR28TLeOfrhEI8VTTIvNBzATQTim86hg5orA0YDkicsOteW0Tt1oSxIenFM

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта ұлттық экономиканы COVID-19 дағдарысына дейінгі қалыпқа келтіру міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Алматы қаласы өкілдігінің басшысы, экономика ғылымдарының PhD докторы Әсел Әбен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алдын ала мәліметтер бойынша, 2020 жылдың соңында Қазақстан экономикасындағы құлдырау 2,6% құрады. Күтілетін болжамдық 3% және басқа елдердегі экономикалық құлдырау көрсеткіштерімен салыстырғанда (Ресей - 3,8%, Қырғызстан - 7,5%, АҚШ - 4,3%, Германия - 6% және т.б.) біз жылды жағымды деңгеймен аяқтадық. Дағдарысқа қарсы қабылданған шараларға байланысты, бұл жалпы ішкі өнімнің шамамен 9% құрады. Соған қарамастан құлдырау әлі жүріп жатыр. Ал бұл дегеніміз – жұмыс орындарының қысқаруы, тұрғындардың табысының төмендеуі, тұтынушылар сұранысының азаюы және өзгесі», - дейді Ә.Әбен. Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта ұлттық экономиканы COVID-19 дағдарысына дейінгі қалыпқа келтіру міндеті тұр.

 

Басылымдар