Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Асара Мұқанова, https://www.inform.kz/kz/kazakstan-konstituciyasy-halyktyn-birligi-men-memleket-tauelsizdiginin-berik-irgetasy_a3687852

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Конституциясы ең үздік әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді жинақтап, халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік іргетасы болды. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Асара Мұқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Қазақстанның Негізгі Заңына 25 жыл толады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың ерік-жігерінің көрінісі бола отырып, елдегі барлық жерде қайта құрулардың негізін қалап, қоғамды топтастырудың қуатты саяси-құқықтық құралына айналды. Ол ұлттық құқықтық жүйені жалпы гуманистік идеялар мен конституционализмнің постулаттарына сәйкес дамытудың берік негізін қалады. Республика қызметінің жалпыға бірдей танылған мақсаттары, прогрессивті және демократиялық қағидаттары, құқықтың үстемдігі, халықтың егемендігі, мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуімен біртұтастығы, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының теңдігі, мызғымастығы және Конституцияда бекітілген басқа да негізгі құндылықтар қазіргі Қазақстанның тұлғасын әлемдік қоғамдастықтың лайықты мүшесі ретінде айқындайды», - дейді А. Мұқанова.

Сарапшы біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміздің елдің конституциялық дамуының нақты тексерілген тұжырымдамасының арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

«Оның авторы жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы – Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ол Конституцияның кепілі бола отырып, халықтың бірлігін, қоғамымыздағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етті. Қазақстан Конституциясы ең үздік әлемдік тәжірибе мен практиканы, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді жинақтай отырып, халық бірлігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің мемлекетіміздің негізі заңның үстемдігіне, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылу болғанын ерекше атап өтті. Біздің Конституциямыз алдағы уақытта да азаматтарымыздың мүдделеріне табысты қызмет етіп, еліміздің одан әрі дамуына ықпал ететін болады», - дейді Асара Мұқанова.

 

Басылымдар