Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 2021 жылғы 14 желтоқсанда Алматы қаласында ҚСЗИ басшылығының өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қабырғасында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, ҚР экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Юрьевич Додоновқа «Құрмет» орденін салтанатты түрде табыстау өтті.

В.Ю. Додонов – Қазақстанның танымал жетекші ғалым-экономисі. ҚСЗИ сарапшысының ғылыми қызығушылықтары қаржы нарықтары, макроэкономика, ұлттық бәсекеге қабілеттілік, әлемдік экономика және жаһандану мәселелерін зерттеумен байланысты. В.Ю. Додоновтың ауқымды ғылыми еңбектері тек экономистердің, сала бойынша мамандардың ғана емес, қазіргі әлемдік, қазақстандық экономика, ЕАЭО, АҚШ және т.б. мәселелер мен жағдайларға қызығушылық танытқан кез келген адамды қызықтырады.

«Құрмет» орденін В.Ю. Додоновқа ҚР мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің V және VI шақырылымының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, ҚР әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті, ҚР БҒМ ҒК ФСДИ директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Серік Тұрарұлы Сейдуманов тапсырды.

WhatsApp Image 2021 12 15 at 13.35.26  WhatsApp Image 2021 12 15 at 13.36.48

Бір айта кетерлігі, марапаттау рәсіміне В.Ю. Додоновпен ұзақ жылдар бойы ҚСЗИ қабырғасында бірге жұмыс істеген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкері, 2005-2014 жылдары ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық зерттеу институтының директоры Болат Қылышбайұлы Сұлтанов; экономика ғылымдарының кандидаты, әріптесі, серіктесі Лейла Маратқызы Мұзапарова қатысты.  Сондай-ақ, іс-шараға ҚР БҒМ ҒК ФСДИ директорының орынбасарлары, әлеуметтану ғылымдарының докторы Шолпан Ерболқызы Жаманбалаева, Ұлес Мадиярұлы Нысанбек; ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Леся Ролланқызы Қаратаева, ҚСЗИ-дің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен және ҚСЗИ Өкілдігінің қызметкері Берікжан Леспек қатысты.

Басылымдар