Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылғы 19 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

ҚР Орталық мемлекеттік архивы еліміздің алғашқы мемлекеттік мұрағат мекемесі ретінде Қазақстан Республикасының тарихи құжаттарының ең ірі мұрағат қоймасы болып табылады. Оның қорларында XVI–XXI ғасырлардағы Қазақстан тарихын қамтитын бір жарым миллионға жуық сақтау бірлігі шоғырланған. Ресей империясының отарлық әкімшілік органдарынан бастап Қазақ КСР Жоғары және орталық мемлекеттік органдарына дейін.

Мұрағаттық құжаттарда Жәңгір хан және Кенесары хан сияқты қазақ билеушілерінің қызметі туралы мәліметтер, Исатай, Махамбет, Сұраншы және Саурық би қазақ батырлары туралы құжаттар, кеңес кезеңіндегі мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы, Қазақстан ғылымы, әдебиеті мен мәдениеті өкілдері туралы материалдар, қарапайым азаматтар мен танымал тұлғалардың жеке өмірбаяндық және генеалогиялық мәліметтері бар.

Мерейтойға орай Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ғимаратында «1921-2021 жж. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 100 жыл» атты кітап көрмесі, сондай – ақ «Жауһар жәдігерлер – 2021» (Қайтарылған тарих-2021) көрмесі өтті, онда шетелдік мұрағаттардан алынған құнды мұрағаттық құжаттар ұсынылды.

Іс-шараға ҚСЗИ-дің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен мен инженер Берікжан Леспек қатысты.

Басылымдар