Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Философия» мамандығы бойынша PhD.

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР: 1990 жылы 25 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген, үйленген, екі баласы бар.

БІЛІМІ:

  • 2007-2011 – бакалавриат, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, «Саясаттану» мамандығы.
  • 2011-2012 – магистратура, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, «Саясаттану» мамандығы.
  • 2013-2016 -  докторантура, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, «Философия» мамандығы.

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ «Философия» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) (2017 ж.). Диссертация тақырыбы: «Қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігінің трансформациялануындағы Интернеттің рөлі (әлеуметтік-философиялық талдау)».

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР:

  • 2012 ж. – магистратурада оқу бағдарламасы шеңберіндегі Донггук университетінде (Сеул қ., Оңтүстік Корея) ғылыми-зерттеулік тағалымдама.
  • 2015 ж. – докторантурада оқу бағдарламасы шеңберіндегі Оңтүстік Калифорния университетінің Философия мектебінде (Лос-Анджелес қ., АҚШ) ғылыми-зерттеулік тағалымдама.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 2012 – 2017 – ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері.
  • 2016 – 2017 – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің оқытушысы.
  • 2017 – 2019 – Сулейман Демирель атындағы университетінің аға оқытушысы, ассистент профессоры.
  • 2019 – 2020 – Satbayev University-ның (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) қауымдастырылған профессоры.
  • 2020 жылдың тамыз-қыркүйек айлары – әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.
  • 2020 жылдың қазан айынан – әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері
  • 2021 жылдың ақпан айынан –  әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ:

  • 2016 ж. бастап – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Ғылым кеңесінің мүшесі.
  • 2019 ж. бастап – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.

 МАРАПАТТАР:

  • ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты директорының алғыс хаты (2016 ж.).
  • «Үздік жас ғалым» номинациясындағы Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы» сыйлығының иегері (2017 ж.).
  • ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Құрмет грамотасы (2021 ж.)

ЖАРИЯЛАНЫМДАР: Отандық және шетелдік ғылыми баспаларда жарияланған 28 ғылыми еңбектердің авторы, сонымен қатар 2 ұжымдық монографиялардың бірлескен авторы.

Басылымдар