Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Зарема Шaукенова, https://baq.kz/bugingi-tagayyndau-prezidenttin-el-ekonomikasyna-basa-konil-boletinin-korsetti-sayasattanushy_268971/

Еліміз үшін 2022 жылдың басы өте күрделі дағдарыспен, ауыр сынмен тұспа-тұс келді. Мемлекетімізге қарсы, еліміздің Конституциялық құрылымына қарсы террористік шабуыл жасалды. Оған бүкіл ел болып бірігіп, тойтарыс бердік. Контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталуға табан тіреді, соңғы мәліметтер бойынша, еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты. Бұл ретте Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің көмегі туралы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде толықтай айтып кетті. Ал бүгінгі Мәжіліс отырысында Қасымжомарт Кемелұлы ҰҚШҰ бітімгер күштерінің негізгі миссиясының сәтті аяқталғанын мәлімдеп, екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентін Қазақстанның жерінен кезең-кезеңмен шығару басталатынын атап көрсетті. Жалпы, Мемлекет басшысының Үкімет басшысы мен құрамы алдында қойған маңызды міндеттерді бірнеше блокқа бөлуге болады.

Басылымдар