Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2022 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесу өтті. Кездесуге сондай-ақ Елшіліктің бірінші хатшысы Азамат Қайбалиев қатысты.

Кездесуде ҚСЗИ тарапынан директор Еркін Тұқымов, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев және директордың кеңесшісі Асқар Нұрша болды. Кездесудің мақсаты – қазақ-қырғыз қарым-қатынасының бірқатар өзекті мәселелері, әлемдегі қазіргі қоғамдық-саяси жағдай, өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасу.

13 04 22 1Кездесу барысында ҚСЗИ директоры халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу мақсатында ҚСЗИ мен Қырғызстанның сараптама орталықтары арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Елшісі Дастан Дюшекеев екі елдің тығыз ынтымақтастығы үшін бар күш-жігерін салатынына және өзара мүдделі мәселелер бойынша қазақ-қырғыз қарым-қатынасын кеңейтуге барынша қолдау көрсететіндігіне сендірді.

Кездесу нәтижесі бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыруға және осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы келісімге келді.

Басылымдар