Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2022 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі Конрад Аденауэр атындағы Қордың қолдауымен «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты сараптамалық талқылау өткізді. Іс-шараның басты міндеті - Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған саяси реформалар туралы пікіралмасу.

«Ел және жаһандық контексттегі Қазақстандағы реформалар үдерісі» атты панелдік пікірталас аясында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыздағы Жолдауында жария етілген Қазақстанның саяси реформаларына баға берді.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге KAS Азия және Тынық мұхиты департаментінің басшысы Кристиан Эхле, Қазақстандағы KAS Өкілдігінің басшысы Йоханнес Рай, қазақстандық саясаттанушы, «Exclusive» журналының редакторы Расул Жұмалы, Германия халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институтының аға ғылыми қызметкері Андреа Шмитц және Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Әлия Оразғалиева қатысты.

Айта кетейік, іс-шара екі елдің саяси, қоғамдық және сарапшылық орталарының 70-ке жуық өкілінің қатысуымен онлайн форматта өтті. Шара соңында спикерлер «сұрақ-жауап» форматында сайлау жүйесін жетілдіру, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі, ҚР Парламенті Мәжілісіне кіру үшін партиялардың сайлауға түсу межесін төмендету сынды тақырыптарды талқылады.

Басылымдар