Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Жаһандық әлемдегі ағымдағы сыртқы саяси процестер қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Біз Таяу Шығыстағы белсенді оқиғалардың, Ресей мен Батыстың қарама-қайшылығының, Қытайдың өсіп келе жатқан рөлінің, посткеңестік кеңістіктегі саяси режимдердің тұрақсыздығының тікелей куәгерлеріміз. Барлық осы факторлар, әрине, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар мен ғалымдардан бастап, қазіргі геосаяси тенденцияларға бей-жай қарамайтын азаматтарға дейінгі әртүрлі аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырады.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, профессор, саяси ғылымдарының докторы Лаумулин Мұрат Тұрарұлы YouTube платформасында ұсынылған «Ашық әлем» зерттеу алаңы арқылы негізгі халықаралық оқиғаларға қатысты өзінің сараптамалық пікірін бағалауды және көрермендермен бөлісуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың маусым айынан бастап «Ашық әлем» талдау және болжау орталығы қоғамдық қоры әлемдік саясаттың, халықаралық қатынастардың, геосаясаттың және қазіргі қоғамдық өмірдің басқа да аспектілерінің ең өзекті және маңызды мәселелеріне арналған бейнесюжеттер циклын бастады.

Өзінің аналитикалық бағдарламаларының жаңа циклінде Мұрат Лаумулин Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстың кезекті күзгі басталуының және кейіннен қабылданған бейбіт келісімнің егжей-тегжейін ашады, АҚШ-та өткен президенттік сайлауға талдау жүргізеді, Вебстер университетінің профессоры, посткеңестік кеңістіктегі мәселелер жөніндегі сарапшы Фабрисси Виельминиден сұхбат алады, Орталық Азиядағы ағымдағы процестер туралы талқылайды.

Аналитикалық бейне бағдарламаларды келесі сілтемелер бойынша көруге болады:

Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыс туралы (On the military conflict in Nagorno-Karabakh)

https://www.youtube.com/watch?v=AbB1ey8w7hA&bpctr=1606904692

Таңдау жасалды (The choice is done)

https://www.youtube.com/watch?v=foRr83ZUK7M&t=436s

Фабрисси Виельминимен сұхбат (Interview with Fabrissi Vielmini)

https://www.youtube.com/watch?v=SD-uCL2y3NI&t=736s

«Ұлы Тұран». Орталық Азия үшін күрес («The Great Turan». Struggle for Central Asia)

https://www.youtube.com/watch?v=1OtG3XmNotA&t=32s

Еуразия қоршауда (Eurasia under siege)

https://www.youtube.com/watch?v=Jd6F9FEKshU&t=178s

Басылымдар